Семинар – кеңес өткізілді
▪️Арал аудандық сотында «Құқық қолдану тәжірибесіндегі өзекті мәселелер» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.
▪️Шараға аудандық сот төрағасы Р.Алдамбергенов, соттың судьялары Г.Нұрымбетова, Б.Керуенбаев және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
▪️Шара барысында электронды қылмыстық істерді сотқа жолдау, бұлтартпау шарасы қолданылған күдіктілерге электронды бақылау қондырғысын орнату, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды сапалы толтыру және дәлелдемелердің толықтығын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
▪️Сонымен қатар, бұлтартпау шараларын санкциялау туралы өтінішхаттарды жолдау кезінде талаптарды сақтау мәселелеріне назар аударылды.
▪️Кездесу соңында қатысушылар көтерілген мәселелер бойынша өзара пікір алмасты.
Арал аудандық соты











