Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Қылмыстық процестегі бұйрықтық іс жүргізу" тақырыбында семинар өткізілді

"Қылмыстық процестегі бұйрықтық іс жүргізу" тақырыбында семинар өткізілді

Арал аудандық сотында «Қылмыстық сот ісін жүргізудегі бұйрықтық іс жүргізу тәртібі» тақырыбында семинар өткізілді.Семинарға сот төрағасы Р.Алдамбергенов, Арал аудандық ішкі істер бөлімі бастығы Н.Әлтай және тергеушілер мен анықтаушылар қатысты.Сот төрағасы Р.Алдамбергенов өз сөзінде қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстарды бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қараудың бір міндеті, ол жәбiрленушiнің, сондай-ақ азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкердің (олар іс бойынша қатысқан жағдайда) келісімдерінің болуын атап өтті. Аталған істер бойынша сотқа дейінгі іс-жүргізу бес тәуліктен аспауы қажет. «Бұйрықтық іс-жүргізуді тәртібімен істерді қарау процессуалдық шығындарды үнемдеуге, жедел түрде тергеудің жүргізілуін, қылмыстық істерді қараудың және сот актілерінің орындалуын қамтамасыз етеді» деп көрсетті.
Сондай-ақ, айыптау үкімін беру мерзіміне, сотталушымен үкіммен келіспеу туралы өтініш берілген жағдайда судьяның үкімінің бұзылу мүмкіндігіне, бұйрықтық іс жүргізудегі қылмыстық іс пен айыптау үкімінің қысқартылуына тоқталды.
Семинар барысында бұйрықтық іс жүргізудің қолдану мәселелері, оның ерекшеліктері мен іс жүргізу мерзімдері кеңінен талқыланды.
Семинар соңында қатысушылар қозғалған тақырыптың өзектілігін және көрсетілген практикалық ұсынымдар мен алған білімдер сот тәжірибесінде қолданылатынын жеткізіп, мұндай іс-шаралар өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Арал аудандық соты
16 маусым 2025 ж. 63 0