Бөтен мүлікті қасақана бүлдіргені үшін жазаланды
▪️Арал аудандық сотында азамат Е.-ге қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 147-1-бабының 1-бөлігі бойынша (бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
▪️Анықталғандай, Е. жәбірленуші А.-ның тұрғын үйінің терезесін сындырып, бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру әрекетін жасаған.
▪️Е.-ның құқық бұзушылық әрекеті өзінің түсінігімен және іс құжаттарымен бекітілген.
▪️Сот отырысында жәбірленуші орын алған оқиғаны растаған.
▪️Сот қаулысымен Е. жоғарыда аталған баппен кінәлі деп танылып, оған 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалған.
Арал аудандық соты










