"Балаларым ұялсын": Елордада 17 жыл қаңғып жүрген қария өзін балаларының тастап кеткенін айтып жылады
Үйсіз-күйсіз жүрген ер адам өзін балаларының тастап кеткенін айтып жылады.
Үйсіз-күйсіз жүргендердің арасындағы тағы бір топты тәртіп сақшылары автобусқа тиеп алып кетті. Күнәсіз сәбидей қорылдап жатқандар, осыдан бірнеше сағат бұрын қоғамның мазасын алып, тыныштығын қашырған еді, деп хабарлайды Евразия арнасына сілтеп Stan.kz.
“Олардың барлығы полиция бөлімшесіне жеткізіледі. Полиция бөлімшесіне жеткізілгеннен кейін олардың жеке басын анықтап, туған туыстарын іздестіру шаралары болады”, - дейді қалалық БАПБ ЖПҚБ 14 УПП полиция аға лейтенанты Абзал Әбілдаев.
Кім біледі, бәлкім олар мұндай өмірді қаламаған да шығар. Бірақ, қу арақ түбіне жетті, сөйтіп, қолдағы кетті.
"Үш балам бар, жұмыс істейді! Мен өзім тұрғым келмейді олармен! Жаман қарамайды, мен өзім осылай жүргенді жақсы көремін!", - дейді Мейрам есімді атай.
17 жыл бойы далада қаңғып жүрген Мейрам атаның мына сөздерін естігенде сеніңкіремедік. Өйткені, ойлаңызшы, үйі-күйі бар адам өз еркімен көше кезуші ме еді? Одан бұрын ол не үшін ішіп кетті? Ішіне бүккені бар білем, атаны автобустан алып шығып, сұрағымызды қайта қойғанымыз сол еді.
-Ата тоқтаңызшы, не үшін жылап жатсыз? Мына балаларым, ұялсын сізді тастап кетті ғой демек?
-Иә?
Қария кемсеңдеп қоя берді.
"Не айтамын? Балаларым өз өмірлерін сүрсін, тату тәтті!", - дейді қария.
Біз бүгін көше кезгендердің бір парасын көрсеттік. Арасынан жалған мұқтаж бен шын мұқтажды ажыратып алыңыз! Бастысы бұдан былай тілемсекке тиын ұстатарда ішкі түйсігіңізге сүйенуді ұмытпаңыз!
“Шын мұқтаж адамды ажырату қиын дейді.Олар әдетте қайыр сұрамайды.Олар өте қарапайым болады дейді. Хадистеде бар шын мұқтаж адамды таба біліңдер олар негізінен арлы болады дейді”, - дейді абайтанушы Омар Жәлел.