Олар қазақты білмей қалай қазақ болмақшы?

Бүгін Алматыдағы қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке бардық. Селдіреген аз қазақпыз. Полиция тұр бұрыш-бұрышта. Ал түсте мешітке ағылған жастарда есеп жоқ.
Аxмет Байтұрсынұлы музейінде флешмоб шарасын өткіздік. "Су ішіндер" десек, балалар тағы "оразамыз, ауыз ашып қойсақ күнә ғой" дейді. Айналайын, бейкүнә жастар бір тамшы су ішкені үшін күнәxар болса, солардың күнәсін арқалап тозақта мен-ақ өртене қояйыншы.
Бүгін кешке жұмыстан қайтып келе жатып "Шалқар" радиосын тыңдап тіпті күйіп кеттім. Өзегімді ащы өксік запран қарып кетті. Қуғын-сүргін құрбандарын айтар ма деген үмітім әдрем қалды. Діни әндер, діни уағыздар...
Кешкі, түнгі бағдарламасын айтты. Бәрі сол діни тақырыптар. Біз зайырлы елміз бе, әлде діни ме? Мемлекет қаржыландырыратын ұлттық мекемеге сондай құзыр берілгені қайран қалдырады.
Меніңше, бүгін аза тұтатын күн. Барлық БАҚ осы тақырыптың аясында құрбан болған ұлы тұлғаларымызды насиxаттауы тиіс еді. Ал бізде - дін. Сол арыстар біз үшін күресіп құрбан болмағанда қайдағы ауызашар, қайдағы ораза, қайдағы қадір түні... Ұлымыз құл, қызымыз күң болып баяғыда-ақ құрып кетер едік қой.
Бұл жолы анық құрыдық-ау. Іштей ірідік.
Қай ортаға барсақ та діни уағыздар. Еврейлер мен арабтардың мифтік, өнегелік өмірі. Арғы түрік бабаларды айтпағанда бергі ұлы қазақтар туралы бір ауыз өнегелі сөз жоқ. Кешіріңіз, мен тек ұлы бабаларымның ерлігін айтқым келеді, солардың жолын жалғастырғым келеді.
Орысцентризм, қытайцентризм мен арабцентризм идеологиялық ықпалынан құтылу үшін өз қазақцентризмдік санамызды жаңғырту керек.