"Балаларымның болашағы үшін": Головкин неге шетелде тұрып жатқанын айтты
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин шетелдік журналистерге Лос-Анджелестегі өмірі туралы айтып берді.
«Маған Лос-Анджелес ұнайды. Мен жұбайым, балаларым үшін, бүкіл отбасыммен осында көшіп келуді армандайтынмын. Өзімнің және балаларымның болашағы үшін осында өмір сүргім келеді. Бұл тамаша мекен. Ұлым Лос-Анджелестегі спорттың барлығын жақсы көреді. Алайда балалардың бәрі бокс туралы емес, «Лейкерс» пен ЛеБрон Джеймс туралы айтады ғой», - дейді Головкин.
Еске сала кетсек, Геннадий Головкин жұбайы Алинамен бірге 9 жасар ұлы Вадим мен бір жасар қызын тәрбиелеп отыр. Вадим жергілікті хоккей командасының құрамында ойнайды. Сонымен қатар кейде әкесімен бірге Ұлттық хоккей лигасының ойындарын тамашалауға барады.