Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Головкин атын өзгертті

Головкин атын өзгертті

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) өз атының ағылшынша айтылуымен келіспейді. Бұл туралы BoxingScene журналисті Кит Айдек мәлімдеді.  АҚШ-та Головкиннің аты Геннади (Gennady) деп айтылады. Боксшы журналистерге қателікті көрсетті. – GGG-де қазір жаңа бапкер, жаңа телесеріктес және аты да жаңаша айтылатын болды. Головкин туу туралы куәлікте Геннадий (Gennadiy) екенін айтты. Бірақ АҚШ-та жүрген жеті жылдан кейін неге өзгерту керек болғаны туралы бір ауыз сөз жоқ, - деп жазыпты Айдек. 
https://24.kz
03 мамыр 2019 ж. 1 037 0