Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Халал ауыл": Түркістан облысындағы ауылдардың бірі 5 жылдан бері той-томалақты ішімдіксіз өткізуде

"Халал ауыл": Түркістан облысындағы ауылдардың бірі 5 жылдан бері той-томалақты ішімдіксіз өткізуде

Түркістан облысындағы Мақталы ауылдық округінің Алмалы аулының тұрғындары 5 жылдан бері той-томалақты ішімдіксіз өткізуде. Сондықтан бұл ауыл «халал ауыл» атанып кетіпті,

Аталған ауылдың тұрғындары алкогольді ішімдіктен мүлде бас тартыпты. Оған аудандық ардагерлер кеңесі мен аудан мешіттері имамдарының үгіт-насихаты мен  түсіндіру жұмыстары себеп болыпты. Осылайша, 5 жылдан бері той-томалақтың бәрі ішімдіксіз өткізіліп келе жатқан ауылда құқықбұзушылық пен қылмыс тіркелмепті. Сондай-ақ, жастар имандылыққа бет бұрып, жергілікті мешітте арабша хат таныпты. 
Сондай-ақ, ауыл жастары бос уақытын тиімді өткізу үшін, бұқаралық спортты, көкпар ойыныны дамытуды қолға алыпты. 
Бүгінгі таңда аудандағы имамдар мен ардагерлер бастама болған мұндай игі шара басқа ауылдарда да жалғасып, оң нәтиже беруде.

http://stan.kz 

06 маусым 2019 ж. 1 240 0