Толқын » Қоғам » Талабына нұр жаусын: Гүлнұр Оразымбетованың күй тартқан ұлы жұрттың жүрегін жаулады
Талабына нұр жаусын: Гүлнұр Оразымбетованың күй тартқан ұлы жұрттың жүрегін жаулады
Гүлнұр Оразымбетованың домбыраның құлағында ойнаған ұлы жұрттың жүрегін жаулады,
Әнші ұлының күй тартқан видеосын желідегі парақшасына жүктеген. Домбыраның құлағындай ойнайтын Оразымбетованың перзенті жұртты өнерімен таңқалдырған. Өнер иесі тыңдармандарынан ұлының ұлттық домбыра күнінде өнер көрсеткені қаншалықты дұрыс болатынын сұрады. "Шілденің алғашқы жексенбісіне сәйкес келетін "Ұлттық домбыра" күніне балам, солақай күйші Нұранбегім қатыссын ба, ағайын?" - деп жазды Гүлнұр Оразымбетова.
Жас таланттың өнерін желідегілер ерекше бағалады. Олар әншінің ұлына жақсылық тілеп, жағымды пікірлер қалдырған. "Айналайын, талабына нұр жаусын", "Жарайсың, балам, өркенің өссін", "Нұрғиса атасының көшірмесі", "Керемет ұлыңыз, қызығын көріңіз", - деп жазды желідегілер.