"Бақытты ақшаға айырбастама": Бағлан Әбдірайымов адамдардың үлкен қателігін айтты

Әр істі бастамас бұрын қандай қағидаға сүйену керек екенін түсіндірген өнер иесі жан тыныштығының құпиясымен бөліскен. Адамдардың қателік жасауының себебін де айтты ол. Сонымен қатар, бақытты ақшаға айырбастамай өмір сүру қажет екенін түсіндіріп бақты.
"Менің ойымша осының барлығын бастамас бұрын, осы сөзіме, ісіме, жүрісіме, тұрысыма, жатысыма, қызметіме, кәсібіме т.б әрекеттерге "Алла разы бола ма" - деген сұрақ қойып бастаған жөн секілді. Әрине, Алла саған разы болса, ата-анаң разы, бауырың, елің разы, жүрегің тыныш, берекең кіріп, бақытты ақшаға айырбастамай "адам" атымызға кір келмей өмір сүреді екенбіз ғой, деп қорытып қойдым", - дейді Бағлан Әбдірайымов.