Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматы қаласында автобус кішкентай баланы қағып өлтірді

Алматы қаласында автобус кішкентай баланы қағып өлтірді

Алатау ауданы, Кенжин көшесінде автобус баланы қағып кетті. Бала ауыр жарақаттардың кесірінен ауруханада қайтыс болды.

ЖКО сәрсенбі күні кешкі уақытта орын алған. Көлік жүргізушісінің айтуы бойынша, ол батыс бағытпен жүріп келе жатқан. Кенет адамдар өтуге тыйым салынған жерге кішкентай бала жүгіріп шыққан. Оны қағып кетпеуге тырысқан жүргізуші рөлді солға бұрып, қарсы жүріске шығып кеткен. Автобус астында қалып, ауыр жарақаттанған бала жақын маңайдағы ауруханаға жеткізілді. Ол сол жерде көз жұмды. Баланың жасы 10-14 шамасында. Оның өзімен бірге ешқандай құжаттары болмады. 
Баладан бөлек, автобус жолаушысы да зардап шекті. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
http://stan.kz
20 маусым 2019 ж. 850 0