Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Оны қарумен атқан": Қарағандыда әскерде көз жұмған сарбаздың жақындары оның өзіне қол салғанына сенбейді

"Оны қарумен атқан": Қарағандыда әскерде көз жұмған сарбаздың жақындары оның өзіне қол салғанына сенбейді

Қарағанды облысында жақындары 18 жастағы сарбаздың өзіне қол жұмсағанына сенбейді. Олар сарбазды қарумен атқан деп топшылайды,

4 ай бұрын Әліби Сапаны 6505 әскери бөлімінен өлі күйінде тапты. Ресми мәліметке сүйенсек, сарбаз өзіне қол салған. Өз басына оқ атқан. Тергеушілер қылмыс таппаған соң, істі жапты. Жақындары мұнымен келіспейді.
Әлібидің өзіне қол салатын себебі болған жоқ деп отыр. Әскерге өз еркімен кеткенін айтады. 
Бейнебақылау камерасындағы таспа жақындарының күмәнін туғызған. Дәл өзіне қол салған жері көрінбейді. Ұлының бетіндегі көгерген із де анасының күдігін туғызды. 
"Олар маған ұлымның бетін көрсетпейді. Тек артқы жағын ғана көрсетеді. Жанында Калашников автоматы тұр. Қаруды қалай алып, өзін-өзі атқанын көрсетпейді. Тек қансырап жерде жатқанын ғана көрсетті. Бұл тек монтаждалған нәрсе. Олардың жасаған адамы мені ұлым емес. Менің ұлыма ұқсамайды", - дейді анасы Майгүл Алипбаева. 
Айта кетейік, сарбаз күзет кезінде көз жұмды. Мәлімет бойынша, 18 жастағы Әліби Сапа өзін Долинка ауылындағы мұнарада атып өлтірген.
http://stan.kz
21 маусым 2019 ж. 683 0