Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Қазақфильмнің" ақылы кастинг өткізіп жатқаны рас па? Киностудия жауап берді

"Қазақфильмнің" ақылы кастинг өткізіп жатқаны рас па? Киностудия жауап берді

«Қазақфильм» қазақстандықтарға мемлекеттік киностудияның атынан жалған кастинг ұйымдастырушылар туралы ескертті

Соңғы кездері Қазақстан бойынша алаяқтық жолмен алдау көбейіп кеткен. Алаяқтар еліміздің қалаларында «Қазақфильм» киностудиясының жобаларына кастинг өткізіп, қатысушылардан ақша талап етіп, сонымен қатар кастингтен өту үшін актерлік шеберлік курсын төлеуге мәжбүрлейді екен. 
Өз кезегінде «Қазақфильм» қазақстандықтардан абай болуды және мұндай қылмыстық әрекеттің құрбанына айналмауды сұрады.
«Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ кастинг қатысушыларынан, сондай-ақ түсірілім барысының дайындық кезеңіне қатысу үшін ешқашан ақша талап етпеген. Киностудия кастингтері тегін», - дейді мемлекеттік киностудиядағылар.
Сонымен қатар киностудиядағылар қазіргі уақытта Қазақстан бойынша кастинг өткізіліп жатпағанын ескертті. 
Қазақстандықтар жоспарланып отырған жобалар туралы ақпаратты баспасөз қызметінен, мемлекеттік киностудияның сайтынан және әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан ала алады.
21 маусым 2019 ж. 612 0