Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Екі рет ыңырсып жан тапсырған": Қарағандыда бүлдіршінді бетон басып қалды

"Екі рет ыңырсып жан тапсырған": Қарағандыда бүлдіршінді бетон басып қалды

Қарағанды облысында 12 жастағы баланы бетон қоршау басып қалды. Ойын баласы сол жерде тіл тартпай кеткен. Жантүршігерлік оқиға кеше түс мезгілінде болды,

Долинка елді мекеніндегі кеңес кезінен бері қаңырап тұрған нысан,1 ай бұрын ғана жеке кәсіпкердің иелігіне өтіпті. Қазір ішкі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Нысан күзетшісі Владимир Чекуров қаңыраған ғимаратқа келіп үйренген бала атаулы, қазір де осында жиі жиналады дейді. Қазір полиция оқиғаның мән жайын анықтап жатыр. 
"Олар үнемі осында ойнап үйреніп қалған. Салып жатқан терезелерімізді таспен атып қиратады. Сол күні үш бала қоршаудың үстінде шайқалып отырған. Шыңғырған дауысты естіп шықсам, қоршау құлап жатыр. 2 бала ойбайлап көмекке шақырып жатыр. Тұра ұмтылдым", - дейді куәгер Владимир Чекуров куәгер.
Бала бетонның шытынаған жерінің астына басылып қалған. Жанұшырған дауысқа күзетші жүгіріп келгенде жырықтан баланың басы ғана шығып жатыпты. Күзетші қолымнан келгенше көмек беруге тырыстым дейді. Бірақ зіл батпан бетонды көтеруге жалғыз адамның әлі жетпесі анық. Санаулы секундтардан кейін Петя екі рет ыңырсып барып жан тапсырған.
Қаралы хабарды естіген мұғалімдерден де ес кеткен. 
"Төбемізден жай түскендей болды. Маусымның 19 на дейін мектептегі жазғы лагерде болған. Үздік оқымаса да, сабағы орташа еді. Ең бастысы мінезі жақсы, ақкөңіл, адал бала болатын. Ата-анасы ажырасқан. Ол әкесімен бірге тұратын. Әкесі тіптен езіліп отыр", - деп ауыр қазаны қабылдай алмағанын жеткізді қалалық №4 орта мектебінің директоры Наталья Жатько Шахтинск. 
Нысан қожайынының айтуынша кеңес кезінен орнатылған биік бетон қоршау құлайды деген ойға да кіріп шықпаған. Балалар үнемі сол жерде ойнайды, оларды қараусыз жіберетіндер бір уақыт ойланса екен дейді. Ал полиция тергеуге дейінгі тексеріс жүргізіп жатыр.
https://stan.kz
22 маусым 2019 ж. 773 0