Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Әке, ана, сіздерді жақсы көремін": Видеодағы әскери қызметкерге кәсіпкер бір бума ақша берді

"Әке, ана, сіздерді жақсы көремін": Видеодағы әскери қызметкерге кәсіпкер бір бума ақша берді

"Егер тірі қалмасам... Әке, ана, сіздерді жақсы көремін". Күні кеше Арыстағы төтенше жағдай кезінде осылай деп видео жариялаған 27 жастағы әскери қызметкер  Исатай Әлібаев белгісіз кәсіпкердің өзіне бір бума ақша бергенін айтты,

Әскери қызметкердің сөзінше, көшеде бейтаныс кәсіпкер кезігіп қалып, қолына бір бума ақша ұстатқан. Ол тұрғындарды эвакуациялауға көмектескені үшін алғыс білдіріпті. 
«Қомақты сома, санамадым. Шамамен 100 мың теңге болуы керек. Алғым келмеп еді. Ол ақшаны қолыма ұстатып: «Жарайсың! Сенімен мақтанамын!» - деді. Артынша қысып құшақтады. Мен бар болғаны әскери борышымды орындадым», - дейді Исатай. 
Өз сөзінде ол ақшаны Арыс қаласының тұрғындарына беретінін айтты. 
Еске сала кетсек, бұған дейін желіде әскери қызметкердің Арыстағы жарылыс кезінде түсірген видеосы тараған еді. Ол ата-анасына жақсы көретінін айтқан.
25 маусым 2019 ж. 913 0