"Сен сияқты сұмырайға сатпаймын": Белгілі актер сатушының қаҺарына ұшыраған

Бастапқыда аң-таң болып, түсінбей қалған ол артынша дүкендегі теледидарды байқап қалған. Сөйтсе, келіншек телехикаяны көріп, қатты әсерленген екен. Екі түрлі ойда болған Серік Шәріп бұл еңбектің ақталғаны деп білемін дейді.
"Сөйтсем, дүкенде кішкентай теледидар бар екен. Содан телехикаямды көріп жүр екен. "Сен сияқты сұмырайға сатпаймын. Ананың жүрісі ол, бірі ауруханада жатыр, сатқын" деп көзіне қан құйылып кеткен. Мен екі жағдайда тұрмын. Бір жағынан қуандым, екінші жағынан шеберлігіммен сендіре білдім деп ойладым", - дейді Серік Шәріп.