"Өңкей ән айтқыштар": Мейрамбек Бесбаев "Жұлдызды жекпе-жек" жобасын неге әншілер жүргізгенін түсіндіріп берді

Өнері мен таланты ұштасқанымен тыңдарманы аз әншілермен жұмыс жасағаннан кейін, рейтинг үшін кәсіби мамандар жүргізуші болмады деп түсіндірді ол. Оған қоса, Ерке Есмахан мен Қайрат Нұртас алдыңғы кезеңдердің жеңімпазы болған. Олардың жүргізушілерге қарағанда білетіні көп көрінеді.
"Олармен бағдарлама жасап, көрермен жинау қиын болады деді. Өңкей ән айтқыш, диапазоны мықтылар болды. Ондай әншілердің бір жағынан көрермені аз болады. Қайрат пен Еркені шақырып алып айттым. Сендер жүргізбеңдер. Шығыңдар да еркелеңдер, еркін ұстаңдар дедім. Жоқ, екеуі жүргізуші болды. Ол екеуіне рахмет айтамын", - дейді Мейрамбек Бесбаев.