Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Мен адамдарды бөліп-жармаймын": Қарағандыда полицей үй-күйсіз жанды құтқарып қалды

"Мен адамдарды бөліп-жармаймын": Қарағандыда полицей үй-күйсіз жанды құтқарып қалды

Қарағанды тұрғындары 4 шілдеде ерекше оқиғаның куәсі болды. Полиция қызметкері талмасы ұстаған үй-күйсіз жанды құтқарып қалды.

Талмасы ұстаған жанды құтқарған облыстық департаменттік кіші лейтанты Елан Амалбаев.
Айтуынша, ол күндегідей тәртіп бақылап жүреді. Осы кезде ер адамның талмасы ұстағанын байқайды. Оның жанында әйелі болған. Екеуі де үй-күйсіз далада қалған жандар. 
Ерлан Амалбаев жүгіріп жетіп, ер адамға алғашқы көмек көрсетеді. Серіктесі жедел жәрдем шақырады. Зардап шегушінің 1974 жылы туған азамат екені анықталды. Есімі Леонид Гусев. Ол ауруханаға жатудан бас тартты. Талмасы ұстағанда мас күйде болған. 
Полицейдің әрекеті желіде қызу талқыға түсті. Үй-күйсіз далада қалған жанға көмектескен полицейді тұрғындар жер-көкке сыйғызбай мақтады. Алайда Амалбаевтың өзі мұны ерлік деп қарамайды.
Полиция департаменті атынан Ерлан Амалбаевқа ауызша алғыс айтылды.

https://stan.kz  

10 шілде 2019 ж. 458 0