Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматыда экстремалды жарыстың қатысушысы көз жұмды

Алматыда экстремалды жарыстың қатысушысы көз жұмды

Алматыда Nomad Race экстремалды жарысының қатысушысы қайтыс болды. Ер адам қашықтықтың алғашқы шақырымында өзін нашар сезінген.

Жарыс 13 шілдеде өтті.
"Жас жігіт Бейсембаев Дәулет өз командасымен кедергілері бар алғашқы жолды сынап, денсаулығының нашарлауына байланысты күтпеген жерден бірінші шақырымда тоқтады. Дәрігерлердің екі бригадасы жігітке көмекке шықты. Жансақтау бөліміндегі процесс екі сағатқа созылды, бірақ өкінішке қарай оны құтқару мүмкін болмады. Медицина қызметкерлері ер адамның өлімін тіркеді", - делінген хабарламада.
Ұйымдастырушылар марқұм болған Дәулет Бейсембаевтың отбасына көмектесуге уәде берді.
Nomad Race жарысында қатысушы өрескел тастардан, арқандардан өтіп, тік қабырғаға шығып, одан қайта түседі. Батпақты шұңқыр, тікенді сым секілді кедергілерден өтуі тиіс.
https://stan.kz
15 шілде 2019 ж. 404 0