Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда вокзалдарға туған-туыстарды шығарып салуға тыйым салынады

Қазақстанда вокзалдарға туған-туыстарды шығарып салуға тыйым салынады

Қазақстанның вокзалдарында пойызға туған-туыстарды шығарып салуға тыйым салынуы мүмкін. Үкімет өкілдері мен «Қазақстан Темір жолы» компаниясының басшылары билетсіз сапарға шығатындардың жолын кесу үшін осындай қадамға бармақ

«Биыл пилоттық үлгіде Нұр-Сұлтан қаласындағы «Нұрлы жол» вокзалы мен Қарағандының вокзалына перонға билетсіз азаматтардың өтуіне шектеу қойылмақ. Біз мұндай шараны 2000 жылдың басында ұсынған болатынбыз. Алайда, ол кезде қоғам наразы болғаннан кейін жүзеге аспай қалған. Қазіргі таңда құқық қорғау органдары және жауапты мекемелермен бірлесе отырып перонға тек жолаушылар ғана шығуы керек деген шешімге келдік. Әзірге ірі вокзалдардан бастауды жөн санап отырмыз», – дейді «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары, Қанат Әлмағамбетов.
Кішкентай бала көтерген жүгі көп әйелін немесе қарт анасын жүргелі тұрған пойызға шығарып салғысы келетіндерді де өткізбей қоя ма деген ашық күйінде алып отыр. 
Бұл әдіс жемқорлықты түбегейлі жойып, тиімді болатынына да кепілдік жоқ. Өйткені пойыз билеттерін алып-сатарлардың жолын кесу үшін қосылған қосымша да толыққанды көмектеспей отыр. Пысықайлар оны да айналып өтіп билеттерді еселеп сатуын жалғастырып жатқан көрінеді.
Шымкенттің өзінде ғана алты алып сатар ұсталыпты.

https://stan.kz  

01 тамыз 2019 ж. 580 0