"Қораға кіресің": Бағлан Әбдірайымов құмар ойынға берілгендерге кеңес берді

Егер өзіңізді шын құмарлыққа беріліп кеткен адам санасаңыз, онда ойынға құртқан ақшаның біра бөлігін қайырымдылыққа жұмсаған жөн. Мұқтаж жандарды көріп, жүрегіңдегі нәзік сезімдерді оята алсаң, бұл құмарлықтан құтылудың алғашқы қадамы деген сөз дейді Балан Әбдірайымов.
"Есіңізде болсын, бәлені бәле қайтарады. Одан қорықпаңыз. Егер саналы, есті азартникпін десеңіз ойынға жұмсар ақшаның 10% садақаға беріңіз. Шын мұқтажды тауып өз аяғыңызбен барып, өз қолыңызбен табыстаңыз. Тәубеңе келтіреді. Сол бейне көз алдыңызда тұрып ставка мнение дегенге кәдімгідей кедергі келтіреді. Жиі қайталап әдетке айналдырсаңыз құтыласыз!" - дейді Бағлан Әбдірайымов.
Әнші адамның таңдауы туралы айтып, жақын күндері жарық көретін кітабының мазмұны жайлы сөз қозғады. Өзі де бір кездері құмар ойын ойнап кеткен өнер иесі, енді өзі секілді адамдарға кеңес бермек.
"Сізде өмір бойы екі таңдау бар. Қарызға кіріп берекең қашып қысымың көтеріліп, мүгедек болып, өліп қалған жақсы ма? Әлде осы жерден тоқтап, есіңді жиып қоғамға адам болып қалыптасып, дені сау, энергиясы мықты, еліңе, ортаңа, отбасыңа пайдаң тигені жақсы ма? Ойланыңыз. Бұл қоғамдағы жазылмас дерт болып көрінеді. Олай емес. Бәрі өз қолыңда. Жақын күндері жарық көрер "Ақ пен қара" кітабім да осы тақырыпты кеңінен қозғап ашып береді. Әрбір азартникке қою үшін таптырмас құрал екеніне күмәнім жоқ", - дейді өнер иесі.