"Сөзім өтпеді": Бағлан Әбдірайымов ажырасуға не себеп болатынын айтты

Ер адам ажырасуға келгенде әртүрлі сылтау айтып, әйелін жаманатты етіп, ездің қылығын жасайды дейді Бағлан Әбдірайымов. Ол ағасының жақсы еркек туралы әңгімесін мысал ретінде айтып, ер адамдарды мықты болуға шақырған.
"Ажырасудың басым бөлігін еркектер қабылдайды. "Ой мінезі нашар, сөзім өтпеді, шешеме сөз қайтарды, туыстарымды дұрыс күтпеді" деп мың сылтау айтып шыға келеді. Өзін еркекпін деп жүріп, ез болғанын аңғармай, жалған көкірек керсететіні де бар. Бір ағам "Нормальный еркектен қатын ешқашан кетпейді" деп көше тілімен айтқаны бар еді. Сөзінің жаны бар. Сондықтан бауырлар біз мықты болайық. Отан от басыдан басталса, отағасы біз!" - дейді өнер иесі.