Толқын » Қоғам » Газ сапасы: ауа айдайтыны рас па?
Газ сапасы: ауа айдайтыны рас па?
Тұрғындар арасында газдың сапасы туралы: жылуы азайды, ауа айдайды деген пікірлер бар. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Медет Усаин бұл ақпаратты жоққа шығарды.«Тұрғындар тарапынан мұндай пікірлерді естіп жүрміз. Бір ескеретіні, газға ешқашан ауа айдамайды. Ауа қосылса, жарылыс болады. Қызылорда қаласына газ «Ақшабұлақ-Қызылорда» магистральды газ құбыры арқылы келді. Бұл магистральдан қалаға сағатына 50 мың текше метр газ береді. Ал қыс мезгілінде қалаға қажетті көгілдір отын сағатына 110-120 мың текше метр. Яғни, бұл жетпегендіктен «АГРС-2»-ні салдық. Бұл газ тарату станциясына «көгілдір отын» «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбырынан келеді. Екеуінің айырмашылығы – Ақшабұлақтан келетін ілеспе газдың құрамында пропан көп, ал батыстан келіп жатқан табиғи газдың құрамында пропан аз. Жалпы, стандартқа сәйкес келеді», - дейді басқарма басшысы.Медет Усаинның айтуынша бұрын ілеспе газды пайдаланған тұрғындар табиғи газ құрамындағы сәл айырмашылықты байқап, түрлі пікірлер тудыратын көрінеді. Бір сөзбен айтқанда, «көгілдір отын» сапасында ешқандай мәселе жоқ екен.