Дипломмен баратын ауылын жастар өзі таңдай ала ма: Министрліктің жауабы
ҚР Ұлттық экономика министрлігі ведомствоның Facebook-тегі ресми парақшасында «Дипломмен ауылға» бағдарламасына қатысты сауалдарға жауап беріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бес күннің ішінде интернет-конференцияға желі қолданушыларынан 360-тан астам сауал түскен. Ол сұрақтардың бәріне ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысов жауап беріп жатыр. Ақпараттық түсіндіру шарасына қай өңірдің жатары белсенді қатысып жатқанын министрліктің баспасөз хатшысы Шыңғыс Ілиясов айтып берді.
«Конференцияның қорытындысы бүгін шығады. Апта басынан бері 360-тан астам сауал түсті. Ресми парақша арқылы медицина, педагогика, мәдениет және ауыл шаруашылығы саласы бойынша білім беретін жоғары оқу орындарының түлектері мен студенттері хабарласып жатыр. Әсіресе, Қостанай, Ақтөбе, Қызылорда, Тараз, Қарағанды, Орал, Түркістан қалаларында білім алып жатқан жастар белсенді қатысуда. Сауалдардың мазмұны әртүрлі. Соның ішінде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша барғым келген ауылды таңдай аламын ба?» деген сауал жиі қойылды. Әрине, таңдай алады. Мысалы, түлек Түркістан облысының Қарасай ауданының бір ауылына барғысы келді дейік. Әуелі Қарасай ауданына баруы керек. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша маман қабылдайтын комиссия бар. Оған аудан әкімі немесе орынбасары төрағалық етеді. Сол комиссияға құжаттарын өткізіп, таңдаған ауылын көрсетуі тиіс. Комиссия көрсетілген ауылға сұранып отырған маманның қажеттілігін қарап, құжаттары талапқа қаншалықты сай екенін сараптайды. Егер ауылға қажетті мамандық бойынша білім алған түлек болса, комиссия оң шешім шығарып, жас маманды қолдауға қажет қаражаттың есебін түзеді. Осындай деректер бүкіл аудандардан жиналып облысқа, облыстан бекітіліп, Ұлттық экономика министрлігіне түседі. Министрлік сол құжаттар бойынша қажетті қаржыны бөледі. Сауал иелеріне осы мағынада жауап беріліп жатыр», - дейді министрлік өкілі.
Баспасөз хатшының айтуына қарағанда, Ұлттық экономика министрлігі бұдан әрі қарай да жұртпен кері байланысты нығайта бермек.
«Парақшаға пікір қалдырмай, жеке аккаунт арқылы хабарлама жолдап жатқандар бар. Кешке дейін сауалдар саны 500-ден асуы ықтимал. Вице-министр сауалдарға мүмкіндігінше қолма-қол жауап беруде. Ал зерделеп, нақтылауды талапт ететін сауалдар тақырыбына қарай топталып жатыр. Әрбір сауал иесі толыққанды жауап алатын болады. Бұл конференцияның негізгі мақсаты – түлектер мен студенттерге ақпараттық көмек беру. ҚР Президентінің жолдауында «Дипломмен ауылға» бағдарламасына бөлінетін қаржыны көбейту тапсырылған болатын. Интернет конференция сол тапсырманы орындау мақсатында ұйымдастырылды. Бірақ халықпен әлеуметтік желі арқылы кері байланыс орнату бұл шарамен шектеледі деген ой қалыптаспауы керек. Біздің парақшаға түскен әрбір сауал мен ұсынысты уақтылы талдап, жауап беріп отыру жағы жолға қойылған», - дейді Шыңғыс Ілиясов.