ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ АРДАҚТЫ
1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Елімізде жыл сайын бұл күні қарттарымыздың ғұмыр бойы істеген еңбектеріне әрі мемлекетіміздің қалыптасуына қосқан зор үлестеріне сай сый-құрмет көрсетіліп келеді.
Қазан айының бiрiншi жұлдызына тап келген мейрам ескiнiң көзiндей болған қазыналы қарттарымыздың бiр сәтке болса да көңiлiн көтерiп, өмiрiне қуаныш сыйлауда үлкен тәрбиелiк мән атқаратыны белгiлi.
Осы орайда бүгін ауданымыздың қариялар қауымы бас қосып, аудандық мәдениет үйінде өткізілген салтанатты шараның куәсі болып қайтты.
Қарттарымыздың құрметіне арналған тағлымды шара шымылдығы ауданымыздың даңқын асырған, еңбегімен танылған тұлғалардың өмірінен сыр тартқан бейнероликпен түрілді.
Әр саланың аға буын өкілдерінің басын қосқан жиында аудан басшысы қазыналы қарттарды атаулы күнмен құттықтап, «Ардагерлер – еліміздің алтын қоры. Тәжірибесі мол аға буынның өмір жолы біз үшін аса құнды. Сондықтан xалқымыз ертеден-ақ үлкенге құрмет көрсетуді өсиет етіп, ұрпақтар арасындағы сабақтастыққа, үйлесімге ерекше мән берген. «Ата қайратты болса, бала ғибратты болады» деген ғибратты сөз бекер айтылмаса керек. Сіздер сабырлылық, қарапайымдылық қасиеттеріңізбен біздерді мейірімділік пен еңбексүйгіштікке, Отанға, отбасына деген адалдыққа және абыройлы болуға тәрбиелеп келесіздер», - деп, жылы лебізін білдірді.
Мерекелік шара одан әрі жергілікті өнерпаздардың ән шашуымен өрнектеліп, қарияларға сый-сияпат жасалды.