Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 17 қазан. ҚазАқпарат күнтізбесі

17 қазан. ҚазАқпарат күнтізбесі

Кедейлікті жою жолындағы халықаралық күрес күні деп хабарлайды inform.kz
Бұл күн «АТД-Eourth World» атты француз қайырымдылық қозғалысының және БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Хавьер Перес де Куэльярдың бастамасымен атап өтіледі.
Халықаралық несие одақтары күні
Жыл сайын қазанның төртінші бейсенбісінде аталып өтеді. Тұтыну кооперативтерінің барлық түрінің қызметкерлерінің кәсіби мерекесі 1948 жылы бекітілген.
Несие одағы – азаматтарға қаржылай көмек беретін ұйым. Ол табыссыз кооперативтік негізде қызмет жүргізеді әрі банктердің коммерциялық емес баламасы. Одақтың бір мүшесі басқа мүшесіне сол одақтың қатысушылары айқындайтын шарттар негізінде несие береді. Мұндай ұйымдардың міндеті – табыс алу емес, оның мүшелерінің әл-ауқатын қамтамасыз ету.
1992 жылы Қызылорда облысының Қазалы ауданында қазақ халқының отаршылдық езгіге қарсы ұлт-азаттық күресінің көшбасшыларының бірі Жанқожа батырға ескерткіш орнатылды.
1992 жылы Қасиетті Тақ және Қазақстан Республикасы ресми түрде дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Қазақстан ТМД елдерінің арасында Ватиканмен ресми байланыс орнатқан алғашқы мемлекет болды. 1998 жылы Ватикан мен Қазақстан арасында Өзара ынтымақтастық шартына қол қойылды.
2011 жылы Алматыда қазақ композиторы, Халық Қаһарманы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің ескерткіші ашылды.
2016 жылы Словенияның Марибор қаласында Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығы ашылды. Қазақстанның Аустрия мен Словениядағы елшісі Қайрат Сарыбай Құрметті консул Горазд Шифрерге консулдық патентін табыс етті.
2017 жылы Петропавлдың көрікті орындарының картасына «Абылайхан қабылдауы» музей кешені енгізілді. Кешен: негізгі корпус, хан кеңсесі, қонақүй және моншадан тұрады. Төрт залдағы экспозиция Абылайханның қызметі жайлы сыр шертеді.
2017 жылы ЮНЕСКО-ның Париж қаласындағы штаб пәтерінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» кітап көрмесі ашылды. Көрмеге 1929-1940 жылдар аралығында латын әрпімен жазылған кітаптар қойылды. Оның ішінде латын графикасындағы алғашқы қазақ әлібпиі, тіл білімі жайындағы ілкі басылымдар, Абай туындылары, қуғын-сүргінге ұшыраған жазушылар – Ахмет Байтұрсынұлы және Сәкен Сейфуллиндердің шығармалары бар.
2018 жылы Дүниежүзілік экономика форумының Жаһандық бәсекеге төзімділік рейтингінің «Инфрақұрылым» санатында Қазақстан энергияның қолжетімділігі бойынша әлемде бірінші орынға лайық деп танылды.
17 қазан 2019 ж. 624 0