Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 15 қазан. ҚазАқпарат күнтізбесі

15 қазан. ҚазАқпарат күнтізбесі

Бүкіләлемдік ауыл әйелдері күні
Аталмыш күнді атап өту идеясы 1995 жылы Бейжіңде өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының 4- әйелдер конференциясында ұсынылды және сол жылдан бастап атап өтіледі.
Ауыл әйелдері жер шары тұрғындарының 25 пайыздан астамын құрайды және азық-түлік өнімдерін өндіруде, сондай-ақ ауылдық жерлердің дамуына, тұрақтылығына көп септігін тигізеді. Дегенмен, олар өмірлік маңызы зор білім, несие сияқты қызмет түрлерін алуға мүмкіндіктері аз. әлемде 500 миллион ауыл әйелі кедейлік шегінде өмір сүреді.
Бүкіләлемдік қол жуу күні
Біріккен Ұлттар Ұйымы, соның ішінде БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ), 15 қазанды Бүкіләлемдік қол жуу күні деп жариялады. Қолды сабынмен жуу - жыл сайын 3,5 миллион балалар өмірін қиятын түрлі аурулардың алдын алудағы ең тиімді және үнемді дауалардың бірі. Бүкіләлемдік қол жуу күні санитарлық тазалық пен гигиеналық дағдыларға шақырады.
Омырау саулығы күні
Жыл сайын Europa Donna сүт бездерінің қатерлі ісігіне қарсы Еуропа коалициясының - Еуропаның 47 елінің мүшелерін біріктіретін тәуелсіз коммерциялық емес ұйымның бастамасымен аталып өтіледі.
1999 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында қазақ батырлары Қарасай мен Ағыбайға мемориалдық кешен орнатылды.
1999 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданындағы Тұрар Рысқұлов атындағы ауылда Мұхаммед Қайдар Дулатиға ескерткіш орнатылды.
2005 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі БҰҰ-ның 60 жылдығына орай 100 теңгелік мерекелік ақшаны айналымға шығарды. Ол Қазақстан теңге сарайында жасалған. 100 теңгелік мерекелік күміс ақшаның диаметрі - 24,5 мм, қалыңдығы - 1,9 мм. Ал, салмағы - 6,45 грамды құрайды. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына 1992 жылы 2 наурызда 46-сессияда мүше болып қабылданған болатын. Біріккен Ұлттар Ұйымы күні жыл сайын 24 қазанда ресми түрде аталып өтеді.
2008 жылы Жамбыл облысында әлемдік тәжірибеде тұңғыш рет йодпен байытылған дәндер алынды. «Кордай нан» ЖШС Тараз мемлекеттік университетінің тамақ өнеркәсібі мамандарымен бірге байытылған дәннің отызға жуық түрін шығарды.
2009 жылы Парижде ЮНЕСКО-ның Бас конференциясының 35-сесиясында Қазақстан ЮНЕСКО-ның Атқарушы кеңесі; Коммуникацияны дамытудың Халықаралық бағдарламасының Үкіметаралық кеңесі; «Адам және Биосфера» бағдарламасының халықаралық үйлестіру кеңесі; Халықаралық үкіметтік емес ұйымдар жөніндегі комитет, сондай-ақ, ЮНЕСКО-ның штаб-пәтері бойынша Комитет бюросының құрамына 4 жылға сайланды.
2014 жылы Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық мұражай-қорығының көрме залында Дінмұхамед Қонаев мұражайының «Ер жігіттің қаруы» бірегей көрмесі ашылды. Экспозицияда Д.Қонаевқа әлемнің белгілі мемлекет қайраткерлері сыйлаған кездіктер, қанжарлар, қылыштар, аң аулайтын карабиндер, мылтықтар таныстырылды. Көрмеге қарудан басқа Д.Қонаевтың ата-анасы мен отбасының фотосуреттері қойылды. Экспозицияда Д.Қонаевқа әр жылдары басқа елдердің басшылары, әріптестері мен достары сыйға тартқан қарулардың сирек кездесетін түрлері де болды. Олардың арасында Фидель Кастроның, Леонид Брежневтің, Иосип Броз Титоның, Эрих Хонеккердің сыйлықтары да қамтылған. Тіпті, коллекцияда 1982 жылы ҚР Президенті Н.Назарбаев қайраткерге сыйға тартқан қару да қойылды.
2016 жылы Нью-Йоркте «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) делегациясының АҚШ-қа сапары аясында АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов пен Nasdaq, Inc президенті Адена Фридман өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
https://www.inform.kz/kz/15-kazan-kazakparat-kuntizbesi_a3575086
15 қазан 2019 ж. 677 0