Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралда жыл басынан бері 13 нысан ашылды

Аралда жыл басынан бері 13 нысан ашылды

             Ауданда жыл басынан бері жеке кәсіпкер­лер­дің өз қаражаты есебінен жалпы құны 570 мил­лион теңге болатын 13 нысан ашылған.
      Олардың қатарында «Жібек жолы» жол бойы сервистік қызмет көрсету кешені, «Құдайберді» сауда үйі, «Jihaz» сауда үй, «Alladin», «Бастау» кафелері, «Тайқазан» қоғамдық тамақтандыру орны, «Aibar» фитнес орталығы, «Наз Март» моншасы, «Наурыз маркет» құрылыс заттар дүкені, «Нұр» қонақ үйі, «Сәтті» клубы, техникалық байқау орталығы және «SuIpak» супермаркеті бар. Бұл аралдықтардың құрылысқа қажетті заттар мен қалауына сай жиһаз және тұрмыстық техника түрлерін өзге жақтан іздемей, таңдап алуларына, мерекелік кештерді өткізулеріне немесе өзге өңірлерден дос-жа­рандары келгенде талапқа сай орыннан тамақтануға мүмкіндік туғызуда. Ал жыл соңына дейін тағы да 10 нысанды іске қосу жоспарланған.
"Толқын" газеті
26 қазан 2019 ж. 697 0