
ЖАҢА ЖЫЛУ-ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫ ТОЛЫҚ ЖЕТКІЗІЛГЕН
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қорқыт ата скверін жаңғырту және жаңа жылу-электр орталығының құрылыс жұмыстарымен танысты. Қорқыт ата скверін «Астана сервис Ltd» ЖШС жыл соңында пайдалануға бермек. Онда 157 орындық, 100 қоқыс жәшігі, 85 жарық бағанасы орнатылып, 9 500 шаршы метр аумаққа брусчатка төселеді. ...













