Toyota Alphard аударылып, екі адам қаза тапты

Болжам бойынша, жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған. Апат салдарынан екі адам қаза тауып, тағы екі жолаушы ауруханаға жеткізілді.
Тәртіп сақшылары тексеру барысында қауіпсіздік жастықтарының болмағанын анықтады. Шамасы олар шетелдік есепте тұрған көлікті қайта жасау барысында орнатылмаған болуы керек. Бастапқыда оң жақта тұрған рөлі сол жаққа ауыстырылған.