Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мең мен мінез егіз бе? Меңіңіз сіз туралы не айтады?

Мең мен мінез егіз бе? Меңіңіз сіз туралы не айтады?

Адамның бетіне, денесіне орналасқан мең, қалға қарап отырып, білгірлер бірталай дүниені болжаған. Әрине, тағдырын, мінезін, денсаулығын. Мең, әсіресе, жазды күні күндіз туған адамдарда көбірек кездеседі екен. Түнде туған балаларға қарағанда күндіз туған бала әдемі болады, өйткені түн қараңғысы қара күштер мен жаман энергияны көбірек тартады да, оларға сиқыршы, көреген, болжағыштық қасиет көп қонады. Мұндай адамдардың денесінде ол міндетті түрде бір таңбасын қалдырады. Үнділердің ежелгі діни түсінігіндегі «карма» осы таңбалардан айқын білінеді деген пікір қалыптасқан. Сондықтан күндіз туса да, түнде туған бала болса да, денесінің әйтеуір бір бұрышында бармақтай болмаса да, тарыдай бір таңба-белгі сөзсіз болады екен. Мең – адамның бір бөлшегі. Алақанға қарап тағдыр болжайтын хироманттар секілді меңнің орналасуына қарап құпия-жұмбақтың сырын ашамын деу бекершілік көрінеді. Бірақ мең арқылы өзің туралы түсінік алып, мінез тануға немесе мінезді өзгертуге болатынын көріпкелдер бір ауыздан қоштайды. Сонымен, денедегі таңбаға қарап бірқатар түсінік алуға тырысып көрелік.

Бастағы мең – текті тұқымнан болса біреуге қожалық жасамақ, қарадан шықса, біреуге қызмет етпек.

Маңдайдағы мең – үлкен ақыл мен парасаттың белгісі. Мұндай адамдардан көбіне мемлекет қайраткері, саясаткер, елші шықпақ. Үлкен іс жасауға бейім. 

Екі қастың ортасындағы мең – сәтті үйленбек.
Көздің асты мен беттің ұшындағы мең – әйелдің нәзіктігі мен мейірімділігін білдірмек. Мұндай меңді әйел ер адамдар үшін өте сүйкімді. Ер адамдардың махаббаты мен ықыласына тез бөлінеді. Мысалы, Мэрилин Монро. Егер мең ер адамның оң жағында болса, мінезінің бірбеткейлігін, еті тірілігін білдірмек. Сол жағында болса, үлкен талант. Жадысы, еске ұстау қабілеті мықты, адамдармен тез тіл табыса алады. 

Беттің шығыңқы ұшындағы мең – тез шешім қабылдай алатын адамда болады. Олар өмір бойы ұлы мақсат жолында ғана өмір сүреді. Әсіресе, мең оң жақ бетте болса. 

Мұрындағы мең – көпшіл адамдарда болады. Әзілқой, мінезі жеңіл адамдарға бітеді. Айналасы оны салмақты адам ретінде қабылдамайды. Оқуда болсын, жұмыста болсын, тек беткі жағына ғана мән беріп, астарына үңіле бермейді. Бірақ бәрібір жаны қанағат таппайды. 

Құлақтағы мең – мақтаншақ адамдарда болады. Бойындағы кемшілігін ұмытып, болар-болмас қасиетін керемет етіп көрсетуге тырысатындарда мең құлаққа бітеді. Өзіне өзі сенімді болмағандықтан, мақтану арқылы қорғанбақ. Сөзінде тұрмайды, алдауға бейім. Бірақ өмірді өзінше танитын бірегей көзқарас иесі. Мақтаншақ болса да, соншалықты әлсіз де емес. 

Тілдегі мең – таңырқамаңыз, тілде де мең болады. Көбіне әйелдерде болады. Ол – сырқаттың белгісі. Бірақ дәм-тұзы таусылғанша, ұзақ өмір сүреді. Өте сезімтал, әр нәрсеге күмәнмен, сенімсіздікпен қарайтын адамдарда болады. Көп сөйлейді де, тыңдағанды онша ұнатпайды. 

Мойындағы мең – ер адамдарда болса, оның күйгелектігін, әлсіздігін, ерік-жігерінің аздығын білдіреді. Көңіл күйі құбылмалы, бала кезінде жылауық болған. Мұндай адамдарға ауа райының өзгерісі қатты әсер етеді. Мойнында меңі бар ер адам интеллектуалдық, рухани жағынан өте дамыған, білімді, бірақ сол қасиетін іске асыра алмайтын әлсіздеу болады. Өз ісінің кәсіби шебері бола тұра, күрескер емес. Ал мұндай мең әйелде болса, ол — өзгермелі, талғамынан да, көзқарасынан да тез айни қалады. Бірақ өте мейірбан, нәзік, тіпті кейде өзін бір-ақ нәрсеге ғана арнайды. Ол отбасының жылылығын жақсы көреді. Өзгенің кеңесіне көп құлақ аса бермейді, тек өзінікін жөн санайды. 

Иек үстіндегі мең – «көшпелі қазақ ұрпағы», жиі қоныс аударатын болмақ.

Иек астындағы мең – ер адамда болса, билік жүргізуге, әмір етуге бейім. Өзіне не керек екенін өте жақсы біледі. Мінезі ызбарлы, мысы басым. Мақсатқа ұмтылғыш, өзін-өзі жетілдіру жолында тынбай жұмыс жасайды. Әйелдің оң жақ иек астында орналасса, керісінше, жаны жайсаң, өз күшіне сенімді, тек алға ұмтылады. Дана, өзгені тыңдауға шыдамды, бір басына жететін әдіс-айла, ақылы бар. 

Иектің тура ортасындағы мең – бірбеткейлік. Неғұрлым үлкен мең болса, соғұрлым алған бетінен қайтпайтын адам. Диктаторлық тән. 

Иық үстіндегі мең – өте көп ақпарат арқалап жүрген адам. Бұл дүниенің барлық жүгін жалғыз өзі иығымен арқалап жүргендей шаршаулы жүреді. Үнемі қиындыққа тап болады. Мұндай меңі бар адам – жарқын тұлға, бірақ ол оған оңайлықпен келмейді. Олар «бара салып, ала салатын» адамдарға ылғи да қызғанышпен қарайды. Сондықтан да қатар жүріп, көз алдында өсіп келе жатқан адамның қабілеті мен қарымын мойындай бермейді. Олардың ісінен әйтеуір бір мін тауып отырады. Бірақ олар өте адал. Көп сөзді емес, шыдамды, басқалар итере салған кез келген ісі атқарып жүре береді. 

Кеудедегі мең – әйелдерде болса, махаббат пен табындыру, құштарлық билемек. Ертеректе мұндай мең өте қатерлі саналған. Бақытсыз махаббаттың құрбаны деп таныған. Егер мең сол жақ кеудеде болса, адам әйел, үлгілі ана болмақ. Сезімі тұрақты, ұмтылысы дұрыс. 

Омырау астындағы мең – әйелдің неге болса да даяр аяр екенін білдірмек. Махаббат үшін қолынан келгенінің бәрін істеп бағады. Балгер-бақсыға барып дуа жасатады, күндесінің үйіне күнде бір жаулық жасайды. Ал мең оң жағында болса, әйелдің іскерлігін білдірмек. Бірақ онымен бірге жұмыс істейтін адамдарға оңай соқпайды. Ал ер адамда болса, рухы төмен, оған сенудің қажеті жоқ. Ал сол жағында болса, қиялға берілгіш. Саяхатшылыққа бейім тұрады.

Арқадағы мең – иыққа жақын орналасса, өзіне де, өзгеге де талабы өте күшті. Егер арқаның жоғары жағында жыпырлаған көп мең болса, ол адамның рухани жағынан да, денсаулығының да әлсіз екенін білдірмек. Ол көп жағдайда адамның өкпесі ауыратынын байқатады. Бұл – ер адамдарға қатысты. Ал әйелдерде қолқа қабынуын және басқа адамдар тарапынан сатқындық болғанын меңзейді. Сондықтан әйел арқасына мең түсірмеуге тырысқаны жөн, егер арқада белгі пайда болса, оның жүйке ауруына шалдығуы мүмкін. Адам өзінің көркем мінезі арқылы басқа адамдармен қарым-қатынасын дұрыс қалыптастыра алады. Ал бұл адамның кармасын жеңілдетіп, тағдырының түзелуіне оң әсерін тигізбек.

reactor.inform.kz
28 мамыр 2018 ж. 1 978 0