Қызылордада микроавтобус аударылып қалды

Оқиға бүгін, 11 наурызда сағат 12:50 шамасында Желтоқсан көшесі мен Қорқыт ата көшелерінің киылысында болған.
Жолаушылар тасымалдайтын «Mercedes Benz» автокөлігі мен «Toyota Camry» көлігі соқтығысып, жол-көлік оқиғасы тіркелді.
«Қоғамдық көлік жолаушыларына дәрігерлік көмек көрсету мақсатында медициналық мекемелерге жіберілді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тиісті сараптамалар тағайындалды», деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.