Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » З қазанға арналған ауа райы болжамы

З қазанға арналған ауа райы болжамы

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Атмосфералық фронттардың ықпалында болатын батыс және шығыс аумақтарда ғана жауын жауып, найзағай ойнайды. Сондай-ақ республиканың кей жерлерінде күшті жел соғып, тұман түседі.
Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Шығыс Қазақстанда, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болмақ.
Жамбыл, Түркістан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болмақ.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында күндіз желдің жылдамдығы секундына 17-22 метрге күшеймек. Сонымен қатар Түркістан, Маңғыстау облыстарында, Қызылорда, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Baq.kz
03 қазан 2018 ж. 921 0