Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бес жыл құлдықта болған әйел өзін танығандардан хабарласуды сұрайды

Бес жыл құлдықта болған әйел өзін танығандардан хабарласуды сұрайды

Құлдықтан оралған Татьяна Борисенко құжаттарын қалпына келтіру үшін қазақстандықтардан көмек сұрайды. АХАЖ-да оның туылғаны туралы жазбалардың сақталмағандығынан ол құжатын қайта жасата алмауда, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі «5 канал Карагандаға» сілтеме беріп.

Бір жыл бойы Михайлов шіркеуінің тұсындағы мінәжәт етушілер үйінде тұрып жатқан Татьяна бес жыл бойы Қарағанды облысындағы қыстаулардың бірінде құлдықта болған. Нақты қай жер екенін білмейтін әйел өзін ақша төлейміз деп алдап соққандар бір тиын да жалақы бермеген. Аяғы істемей қалған кезде шіркеудің алдына әкеп тастап кеткен.
«Мен сиыр саудым, қой бақтым, бірақ мен ақшаны мүлдем көрмедім. Кейін мен ауырып қалғанда мені шіркеуге тастап кетті», – дейді Татьяна Борсенко.
Ақмола облысының Макинск қаласында дүниеге келген әйел ата-анасының үйіне бара алмайтындығын түсіндірді.
«Ата-анам қайтыс болып, үйлерінде әпкемнің мүгедек қызы тұрақтап қалды. Қазір оның кішкентай балалары бар, сондықтан мен оларды үйден шығара алмаймын», – дейді ол.
Ал әйелдің құжаттары бұрын жоғалған, советтік паспортын да жоғалтқан. АХАЖ-ға түсірген өтінішіне мұрағатта оның туылғаны туралы жазбалардың жоқтығын айтқан. Сондықтан бар үміт оны біреу танып, Татьяна екенін растауда ғана. Құжатсыз оған әлеуметтік көмекті рәсімдеуге, оны мүгедектер үйіне немесе қиын жағдайға душар болғандарды әлеуметтендіретін орталыққа орналастыруға мүмкіндік жоқ.
Жиырма жылдан бері белгілі тұратын жері жоқ жандарға көмек көрсетіп жүрген Ольга Вялова құжатсыз Татьянаны ешқайда орналастыра алмайтынын айтады.
«Менде берер еш нәрсе жоқ. Тек шіркеу азық-түлік береді, оны дайындап мұқтаж жандарды тамақтандырамын. Бұл кісінің құжаты болса қайда болса да орналастыратын едім», – дейді ерікті Ольга.
Денсаулығы жақсарып қалған Татьяна өзін жұмысқа шақырушылар болса кез келген істі атқаратынын жеткізеді. Егер де кімде-кім әйелді танып жатса, ерікті Ольга Сергеевнаға хабарласуларыңызды сұраймыз. Байланыс телефон –  8 775 289 75 78.
Stan.kz
26 қазан 2018 ж. 769 0