Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада жүк көлігі қаққан адам оқиға орнында көз жұмды

Қызылордада жүк көлігі қаққан адам оқиға орнында көз жұмды

Қызылордада 29 жастағы әйелді жүк көлігі қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«1 қыркүйекте Қызылорда қаласындағы сол жағалауда жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан өтіп келе жатқан божеткенді КамАЗ жүк автокөлігі қаққан. Соның салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Кінәлі жүргізуші ұсталды», делінген хабарламада.

Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен (Көлiк құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталу үстінде.
02 қыркүйек 2022 ж. 2 040 0