Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында жол апатынан бір адам көз жұмды

Қызылорда облысында жол апатынан бір адам көз жұмды

16 желтоқсан күні Қызылорда-Жалағаш тасжолының Сырдария ауданы аумағында «Мазда-626» автокөлігі түйені қағып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды.

Жол апаты салдарынан 1 адам көз жұмды, 1 адам ауруханаға жатқызылды.

Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
18 желтоқсан 2022 ж. 1 675 0