Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркияда 9 жасар бала анасын өлтіріп алды

Түркияда 9 жасар бала анасын өлтіріп алды

Түркияда тоғыз жасар бала абайсызда анасын атып тастаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қайғылы оқиға елдің оңтүстігіндегі Шанлыурфа провинциясындағы Сиверек қаласының Кайнакбашы орамында болған.

Ақпаратқа сәйкес, бала үйдегі қарумен суретке түспек болған. Сол сәтте бала триггерді басып қалған. Абайсызда атылған оқ баланың алдында тұрған анасына тиген.

Жедел жәрдемді басқа бөлмеде отырған отбасы мүшелері шақырған. Алайда әйелді құтқару мүмкін болмады. Бала бірден полиция бөлімшесіне жеткізілген. Ол психологтың қатысуымен оқиғаның мән-жайын баяндап беріп, кейін үйіне жіберілген.

Іс бойынша тергеу жүріп жатыр.
09 қаңтар 2023 ж. 1 131 0