Қызылордада алаяқ әйел ұсталды

Тапсырысты қабылдаушы сатып алушы әйелдің іс–әрекеті күдік туғызғандықтан және тексеру барысында оның «салған аударымы» есепшотына түспегендіктен дереу Қызылорда қаласы полиция басқармасына келіп, көмек сұраған.
Аталған оқиға бойынша қылмысты ашу барысында басқарманың қызметкерлері іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін күдіктінің тапсырыс беріп, сатып алған киімдерін апарып, тексеру мақсатында Шымкент қаласына барды. Сол сәтте ұсталған күдікті 34 жастағы азаматша өз кінәсін толық мойындады. Телеграм арқылы жүктеп алған «Фейковые чеки» қосымшасын қолданып, жалған түбіртек арқылы жәбірленушіге 7 миллион 500 мың теңге сомасында залал келтірген.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі 4 – тармағымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдікті Қызылорда қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды деп хабарлады Қызылорда қаласы Полиция басқармасы баспасөз қызметі.
syrboyi.kz