Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысындағы жұмбақ өлімнің себебі белгілі болды

Қызылорда облысындағы жұмбақ өлімнің себебі белгілі болды

Қызылорда облысы Полиция департаменті өкілдері мұнай компаниясы қызметкерлерінің өлімінің себебі алдын ала мәлімет бойынша белгісіз заттан улану болғанын мәлімдеді. 
"Қызылорда облысында 3 ақпандаm "Қазспекторстрой" ЖШС мердігерлік компаниясының екі қызметкерінің қаза болу дерегі бойынша қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 304-бабы бойынша тіркелді", - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.
Тиісті сараптамалар тағайындалған. Қазір болған оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, олар белгісіз заттан уланып қайтыс болды", - деді ведомство өкілі.

kyzylorda-news.kz
Фото: ​kaz.tengrinews.kz​​​
05 ақпан 2023 ж. 1 012 0