Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа үйдегі үрейлі дыбыстар

Жаңа үйдегі үрейлі дыбыстар

Қаланың сырт жағына үй салып жатқанымызға біраз уақыт өтті. Жердің бағасы аса қымбат емес, оның үстіне қала шуынан жырақтау болғасын бірден келісе кеттік.
Үйміздің салынып бітуін бар отбасымызбен күтіп жүргенбіз. Әрине, үлкен зәулім үй, өз қолыңмен тұрғызылған, өзіміздің талғамымызға сай үй болғасын асыға жеттік арманымызға. Балаларымыз мәз. Біз де мәзбіз. Бір аптадан соң қуанышымыз су сепкендей басылды. Үйден түрлі дыбыстар шыға бастады.
Алғашында екі-үш күн өткеннен кейін үйде бір түрлі дыбыстар шығып, бірнәрсе сықырлай беретін. Жолдасым екеуміз аса мән бермедік де, тілеуімізді тілеп, жатып қалдық. Келесі күні тыныш. Ал ертеңінде жанағы дыбыс қайтадан шыға бастады. Үйді дұрыстап қарап, тексеріп шығып едік. Күдікті де, күдік тудыратын нәрсе де жоқ. Жолдасым: «Жаңа үйде ондай-ондайлар болып тұрады»,-деді уайымдамасым үшін. Мен де аса бір уайымдағаным жоқ. Біздің үйді қарап, қызығып жүретін көршілер немесе көше балалары шығар деген болжамға келдік.
Келесі аптада бұл енді көше балалары не көршілер деген байламымызды түбегейлі өзгерттік.. Түн ортасында шығатын бұл «тылсым» жиі қайталанатынды шығарды. Сытырлайды, қозғалады, шулайды, тіпті, түрлі дыбыстар шығарады. Сол күннен бастап жолдасым екеуміз бұл дыбыстың жайдан- жай емес екенін аңғардық.
Үйді аластап, құранды дауыстатып қойып қойдық. Үй кәдімгідей тазарып, тынышталып қалды. Жолдасым ертеңінде іссапарға кетуі керек болатын. Алаңсыз аттанды. «Жағдай жалғаса берсе қалай кетемін»деп жүр еді, дұрыс болды деп ойладым ішімнен. Сөйтсем, дұрыс болмапты. Екі-үш күнен кейін тап әлгіндей жағдай қайта қайталанды. Құранды қойып, ішімнен дұғамды тілеп едім. Біраз уақыт қойды да, қайта бастады, біресе шығады, біресе тынады.Түнімен ұйықтамай, әлек болып шықтым. Таңнын атысын күтіп үйден тез кетуге асықтым.
Кейіннен, заттарымызды алып кетуге барғанда, бұл үйде бұрындары «бір жағдай» болғанын есіттік.( Атын атағым да келмейді). Аман-есен үлкен үйге қолымыз жетті ме деп едік, арманымыздың күл-талқаны шықты. Алла сақтасын, абайлаңыздар!
Сәбина Ақайдарова, Алматы облысы
www.qazbrand.info
08 ақпан 2019 ж. 1 019 0