Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада автокөлік заттарын ұрлаған ұры қылмыс үстінде ұсталды

Қызылордада автокөлік заттарын ұрлаған ұры қылмыс үстінде ұсталды

Қызылордалық полицейлер автокөлік ұрысын кезекті қылмыс үстінде ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ол ұрланған заттарды әлеуметтік желілер арқылы сатқан.

Осылайша, автокөлік заттарын ұрлауды кәсіп етіп, табыс көзіне айналдырып келген.

    5 қала тұрғынының көліктеріне ұрлыққа түскен күдікті Қызылорда облысы Шиелі ауданының тұрғыны болып шықты. 19 жастағы жігіт автокөліктердің ашық қалғанын пайдаланып, ішіне заңсыз кіру арқылы автомагнитола мен өзге де автокөлік аксессуарларын ұрлап келген. Бұдан бөлек, ол ұрланған заттарды әлеуметтік желілер арқылы жарнамалап, сатып отырған. Жәбірленушілерге тиесілі айғақ заттар тәркіленді. Бүгінгі күні бұл күдіктінің қала аумағында тіркелген осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, - делінген Ішкі істер ведомствосының ақпаратында.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Фото: baq.kz
04 ақпан 2024 ж. 2 323 0