Қызылордада мал ұрлығын кәсіп еткен қылмыстық топ қолға түсті
Қызылордада мал ұрлығын кәсіп еткен қылмыстық топ қолға түсті
Қызылордада мал ұрлығымен айналысқан үш адамнан тұратын топ ұсталды. Олар жеті мал ұрлығына қатысты күдікті саналып отыр.
- Полицейлер мал ұрыларын қылмыс үстінде қолға түсірді. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жәбірленушілерге тиесілі ірі қара мал күдіктілерден заттай дәлел ретінде алынып, қайтарылды.
Тергеу барысында күдіктілердің еркін жайылымда қараусыз жүрген малдарды жасырын ұрлап, автокөлікпен тасымалдағаны анықталды. Мал ұрылары уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.
Ақпарат көзі: turkystan.kz.
Сурет: ашық дереккөзден алынды