Қаратереңдегі қажырлы еңбек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:
– Жеке шаруашылық миллондаған ауыл тұрғындарына табыс табуға мүмкіндік бере алады. Оларды өңірлік азық-түлкі хабдарын құруға жұмылдыру керек. Басы бірікпеген жеке қосалқы шаруашылықтар шыны керек, өлместің күнін кешіп отыр. Бұл ретте, сапалы әрі мол өнім өндіру, үздіксіз тауар жеткізу туралы сөз қозғаудың өзі орынсыз. Бәсекеге қабілетсіздік пен импорттан арыла алмай отырғанымыздың себебі де осы. Коопарация жер және басқа да мүлікке қатысты барлық құқықтар сақталады. Коопарация шаруашылықтарға шикізат сатып алу, өнім өндіру және оны сатуды ұйымдастыру барысынеда күш жұмылдыруға мүмкіндік береді. Ауыл еңбекқорларының ауыр жұмысы тым арзан бағаланады. Бұл жасырын емес. Сондықтан коопарацияны ынталандыру үшін тиісті шаралар топтамасын әзірлеу керек,- деген болатын.
Міне, содан бері ауыл шаруашылығы өндірістік кооративін дамыту жүйелі жолға қойылды. Оған дәдел Арал ауданынан қарасты Қаратерең ауылдық округінде бау бақша дақылдарын өсірудің қолға алынып, бүгінде ел игілігін көріп отырғандығы.
– Осы жылдың ақпан айында аудан әкіміне бау бақша өсіру үшін 14 гектар жер сұрап ұсыныс бердік. Дарияның сағасынан жер телімі берілді. Қазіргі күні аталған жердің 1 гектарына бақша дақылдар, 6 гектарына мал азығын қамтамасыз ету мақсатында жоңыршқа егілді. Бау –бақшада қияр, қызанақ, қауын, картоп сынды жеміс жейдектер егілді. 6 гектарға егілген жоңыршқа да тегіс шықты, - дейді ауыл әкімі Серікбай Жұбаниязов.
Бүгінде бау бақшада піскен өнімдер ауыл тұрғындарын толқы қажеттікікпен қамтамасыз етіп отыр. Сондай ақ егілген жоңыршқаның да 1 гектары шабылып, сатылымға шығарылды.
Шаруашылық басында әзірге 4 адам жұмыспен қамтылған. Өнім өндіру көлемі артып, жоңыршқа шабу науқаны басталған тұста тағы ба бірқатар ауыл тұрғындар маусымдық жұмысқа тартылатын болады.
– Қаратерең аудан орталғынан шалғай орналасқа ауыл болғандықтан бақша дақылдары пісетін уақытта халықты жеміс-жейдек, көкөніспен қамту қиындық тудыратын жасырын емес. Біздегі ауа температурасы да жаз мезгілінде өте ыстық болады. Бұл да аталған өнімдерді өз қалпында ауылға жетуіне кедергі келтіреді. Соны түсінге ауыл тұрғындары біртінде бау бақша өсіруді қолға алып отыр. Мәселен, Нағашыбай Орынбасаров, Иманғали Дисенғалиев, Сайлау Мінәжов, Шари Байтуғанов сынды ауыл тұрғындары ауласына алма, өрік, жүзім секілді жеміс ағаштарын отырғызып мол өнім алып отыр. Бұл кісілердің еңбегі өзге де ауыл тұрғындарының қызығушылығы оянып, егін егуді қолға алуына септігін тигізуде, - дейді ауыл әкімі.
«Елде болса ерініңе тиеді» деген тәмсілі сөз бекер айтылмаса керекті. Қаратереңдіктердің табанды еңбегінің арқасында қазіргі күні бақша дақылдары өз жемісін беріп, ауыл тұрғындарын толық қамтамасыз етіп отыр. Бұл игі іс те ауылдықтардың еңбекқорлығы мен ауызбіршілігінің дәлелдеп бергендей.