Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігерлер аяғын теріс қаратып тігіп берген қыз балет билеп жүр

Дәрігерлер аяғын теріс қаратып тігіп берген қыз балет билеп жүр

АҚШ-тың Миссури штатының жас тұрғыны сүйектің қатерлі ісігіне байланысты аяғын кесіп тастағанына қарамастан балет бишісі болуды алдына мақсат етіп қойған.

Габи Шелл алты жасынан бастап би үйірмесіне қатысқан. Ұстаздары талантты қыздың болашағынан үлкен үміт күтіп, оның үлкен сахналарды бағындыратынын айтатын. Алайда, тоғыз жасқа толғанда дәрігерлер оған «остеосаркома» диагнозын қойған – тізенің қатерлі ісігінің сирек кездесетін түрі. Осы кезден бастап ата-анасы қыздарының денсаулығы мен болашағына қатты алаңдай бастаған.
Медицина саласындағы соңғы жетістіктердің арқасында дәрігерлер қыздың аяғына күрделі ота жасап, оның оң аяғын теріс қаратып тігіп берген. Осыдан кейін Габидің бойында өзіне деген сенімділік пайда болып, өмірге және өнерге деген құштарлығы қайта оянған. Қазір оның жасы 15-те және ол қайтадан аяққа тұрып, өз өнерімен дүйім жұртты таң қалдыруды армандайды.
Габи 2011 жылы коньки теуіп жүріп құлағаннан кейін өзінің тізесінде бір кінәрат бар екенін сезген. Ата-анасы оған бұл құлағаннан кейін жай ғана ауырсыну екен деп, оған басу айтқан. Алайда, арада екі апта өткеннен кейін Габидің аяғы ісіп, қатты ауырғаннан кейін ауруханаға түскен. Дәрігерлер де алғашында жай жарақат алған болуы мүмкін деп ойлаған, бірақ бірнеше аптадан кейін МРТ-сканерлеу нәтижесі арқылы қатерлі ісікті анықтаған.
«Біз дәрігерге қаралдық, ол бізге: «Сіздің қыздарыңыз остеосаркома қатерлі ісігіне ұшыраған деп пайымдаймыз», - деді. Мен өз құлағыма өзім сенбей, қатты есеңгіреп қалдым», - дейді қыздың анасы Дебби Шелл.
«Габи менен неге бұлай болғанын сұрады, мен оған жақсы адамдар осындай жаман жағдайларға түсіп қалатын айтып, бұдан шығар жол іздеу үшін арлық мүмкіндіктерді пайдалануымыз тиіс екендігін түсіндірім» - Дебби Шелл
 
Габи ісікті кішірейту үшін 12 апта бойы химиотерапия қабылдаған. Отбасы мүшелеріне аяқты кесіп тастаудың бірнеше жолын ұсынған, алайда туыстары ротациялық пластиканы таңдаған. Отаның бұл түрінде ауру тізені кесіп алып тастап, буынды 180 градусқа айналдырып, оны ортан жілікке бекітіп береді. Осылайша, тобық тізенің қызметін атқаратын болады.
 Отаның бұл түрі адамның біршама еркін қозғалуына мүмкіндік береді және жүріп-тұруға қатысты проблемаларды азайтады. Қыздың ата-анасы бұл мәселені ұзақ зерттеп, оған ротациялық пластика жасатқан адамдардың суда жүзіп, велосипед тебе алатын, тіпті, құзға өрмелеумен шұлдануға болатынын бейнелейтін бірнеше видеороликтерді көрсеткен.
 
«Біз осы материалдарды көргеннен кейін сыртқы көрінісі болмаса, мұнда тұрған ешқандай кемшіліктің жоқ екенін бәріміз түсіндік. Біз қазіргі басқа түскен сәттен арылып, болашақта өмір сапасын арттыруды ойладық» - Дебби Шелл

Ал Габи болса болашақта би өнеріне қайта оралу мүмкіндігін түсінгеннен кейін түбегейлі шешім қабылдаған.
 
 — Аяғымды кесіп тастағаннан кейін аурухана төсегінен тұрып, алғашқы қадамдар жасау маған ең ауыр сынақ болды. Мен өзімнің сүйкті кәсібім – бимен шұғылдануға мүмкіндігім бар екендігі туралы ойлау менің орнымнан көтеріліп, қозғала бастауыма үлкен сеп болды, — деп мойындайды Габи Шелл.

Габи біраз қиындықтар мен жан азабын бастан өткерді. Тіпті, өзінің салмағын көтере алмай қалуы мүмкін деп ойлап, «жаңа аяққа» күш салуға қорқатын
— Мен алғашқы қадамдар жасау үшін бір жыл уақытымды жұмсадым және жеке жаттықтырушыдан бірнеше сеанс алдым. Алайда, бір жылдан кейін сахнада билей бастадым, — дейді ол.

Қазір Габи өзінің тобында бәсекелестік көрсете білетін толыққанды биші.

«Ол өте батыл қыз, біз оны мүгедек деп ойламаймыз. Уақыт өте келе оның аяғы протез екенін естен шығып та кететініне сенімдіміз» - Дебби Шелл
Қазіргі таңда Габи өмірінің келесі кезеңіне өтуді жоспарлап жүр: ол балетте өнер көрсетіп қана қоймай, педиатрия саласының маманы немесе медбике болып қызмет етуді армандайды. Осылайша ол қатерлі ісікке қарсы күреспек ниетте.
«Егер мен қатерлі ісікті жеңіп, протез аяқпен барлығын басынан бастауды үйренгенім рас болса – мен алдағы уақытта да барлық арман-мақсаттарыма жете алатыныма сенімдімін!» - дейді Габи Шелл.
09 наурыз 2018 ж. 2 530 0