Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүктілік кезінде кері әсер ететін зиянды жұмыстар

Жүктілік кезінде кері әсер ететін зиянды жұмыстар

Жүктілік жақсы өтіп жатса алаңдауға негіз жоқ. Бірақ сонда да сақтық шараларын жасау қажет.
Егер жұмысыңыз ауыр заттарды тасумен байланысты болса басқа жұмысқа ауысу қажет. Мысал үшін қоймашы немесе супермаркетте сатушы болсаңыз ауысқаныңыз абзал. 
 
Сондай-ақ күнұзын тікеңізден тік тұрғызатын, шаштараз, сатушы, маникюр, педикюр сияқты жұмыстар болса да ауысқан жөн.
 
Түнгі жұмыстар, операторлық, химиялық заттармен байланысты жұмыстардан да жырақтау қажет.
 
Жүкті келіншек дәрігерден жеңіл жұмысқа ауыстыру қажеттігі туралы анықтама ала алады. Бұл жағдайда жұмыс беруші оған декреттік демалысқа шыққанша еңбекақысын сол күйі сақтап, жеңіл жұмыс ұсынуға міндетті.
 
Сондай-ақ өндірістік қаупі бар жұмыс істеуге болмайды. Мысал үшін тігін машинасы. Себебі өндірістік шу мерзімінен бұрын босануға алып келуі мүмкін. Сондай-ақ ұшақта стюардессаның жұмысы да зиянды.Ұзақ уақыт бойы кеңседе отырып істейтін жұмыс та зияндыү Сегіз сағат бір орында тапжылмай отыру қан қозғалысын баяулатып, белден төмен қарай шаршатуы мүмкін.
  
Дереккөз: segodnya.ua
14 наурыз 2018 ж. 1 651 0