Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан мен Словакия әскери ынтымақтастығы арта түсуде

Қазақстан мен Словакия әскери ынтымақтастығы арта түсуде

Сапар аясында Роберт Калиняк Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабековпен кездесу өткізді. Словакия елінің делегациясына Ұлттық ұланның қызметтік-жауынгерлік қызметі туралы қысқаша баяндама ұсынылды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы Словакияның Қорғаныс министрлігімен өзара тиімді ынтымақтастыққа, сондай-ақ басқа да ведомстволары мен кәсіпорындарымен өзара іс-қимылды жолға қою жөніндегі ұсыныстарды қарауға дайын. Біз тәжірибе алмасу, бірлескен оқу-жаттығулар мен әскери — техникалық ынтымақтастықты қоса алғанда, әртүрлі салалардағы ынтымақтастықты нығайтуды қолдаймыз, — деді генерал-майор Аңсаған Балтабеков.
Қатысушылар кездесуде екіжақты әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелерін талқылап, одан әрі өзара іс-қимылдың перспективаларын айқындады.
Өз кезегінде Роберт Калиняк қорғаныс өнеркәсібі кешені шығаратын өнімдердің кең спектрін ұсынды. Словакияның қазіргі геосаяси жағдайын ескере отырып дамуының жаңа бағыттарын айтты.
Біз қазақстандық әріптестерімізге заманауи қару-жарақ пен техниканы ғана емес, сонымен қатар әскери қызметшілерді түрлі мамандықтар бойынша оқытудың кең спектрін ұсынуға дайынбыз, — деді Словакия Қорғаныс министрі.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жұмысты жандандыруға және әртүрлі деңгейдегі байланыстарды қолдауға келісті.
10 қараша 2024 ж. 124 0