Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » СПОРТТЫ СЕРІК ЕТКЕН АУЫЛ

СПОРТТЫ СЕРІК ЕТКЕН АУЫЛ

Қарақұм ауылдық округінің Абай ауылында ауыл тұрғындары мен мекеме қызметкерлерінің арасында "Спортты серік еткен ауыл" атты күзгі кросс жарысы ұйымдастырылды.
Жарыстың мақсаты: бұқаралық спортты насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулықты нығайту, ауыл жастарын отансүйгіштікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу. Кросс қатысушыларды жас ерекшеліктеріне қарай бөліп, жүгіретін арақашықтық белгіленіп, мақсатымен таныстырылып басталды.
Кростың ашылуына ауыл әкімі Бозғұлов Мұқтар Жүгінісұлы кіріспе сөз алып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарысқа мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындары қатысып, белсенділік таныта білді. Ерекше айта кету керек, 70- жастағы ардагер ұстазымыз Әйтімов Иманбай ағайымыз бен 60- тан асқан зейнеткеріміз Есжанов Қожабек ағамызға өз үлестерін қосқаны үшін алғысымыз шексіз.
Жарыс соңында әр жеңімпаз сый-сыяпаттар және мақтау қағаздарымен, медальдармен марапатталды. Ауыл тұрғындары мәре-сәре болып, бір серпіліп, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, тарасты.
03 қараша 2019 ж. 2 614 0