Мария Агапованың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінің өтетін күні мен қарсыласы белгілі болды

MMA Fighting мәліметі бойынша, Агапова ең танымал ұйым аясындағы алғашқы кездесуін 13 маусымда АҚШ-та өткізеді. Қарсыласы бразилиялық Мелисса Гатто (6-0-2) болады. Гатто үшін де бұл UFC-дегі дебюті болмақ.