Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Суарес "Барселонамен" жылап қоштасты

Суарес "Барселонамен" жылап қоштасты

"Барселона" шабуылшысы Луис Суарес командаластарымен қоштасты, - деп хабарлайды Р-Спорт сайты Goal.com порталына сілтеме жасап.
Қоштасу клубтың базасында өтті, Суарес ол жерден кетерде көз жасын тоқтата алмады.
Мұның алдында уругвайлық футболшының "Барселонамен" келісімшарты әлі бір жылға жарамды болғанымен, оның үзілгені хабарланған. Каталондық клубтың ресми сайтында Суарестің "Атлетико" сапына ауысатыны айтылған. Мадридтік клуб футболшының трансфері үшін "Барсаға" алты миллион еуро төлейді.
33 жастағы Суарес "Барселона" үшін 2014 жылдан бері ойнады.
alashainasy.kz

25 қыркүйек 2020 ж. 476 0