Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады

Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады

Орта салмақта WBO Global титулының иегері боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) әлем чемпионы титулы үшін болатын өзінің келесі жекпе-жегі туралы жаңа мәлімдеме жасады.

Әлімханұлы Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) жаңартылған рейтингісінде 9-шы орында тұр. Осы ұйымның нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Джермалл Чарлоны (31-0, 22 КО) батыл түрде айқасқа шақырды. 
WBC рейтингісінде нөмірі 6. Дайын бол , Чарло, 2021 жылы жұдырықтасатын боламыз, - деп жазды Әлімханұлы өзінің Twitter парақшасында. 
Одан кейін ол «2021 жылы мен чемпион боламын!» - деді.
baq.kz
13 қараша 2020 ж. 457 0